Халықтың ипотекалық несие бойынша қарызы 2,4 трлн теңгеге жеткен

807

Оның 98%-ы ұлттық валютамен алынған.

Халықтың ипотекалық несие бойынша қарызы 2,4 трлн теңгеге жеткен

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Президентінің тапсырмасымен елімізде 2015 жылдан бастап Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы қолға алынған. Агенттік төрағасының орынбасары оған 286 млрд теңге қаражат бөлінгенін айтады. 

"Бүгінде 27 мың қазақстандықтың сыйақы мөлшерлемесі 3%-ға түсті. Бұған қоса 7,9 мың адамның валюталық қарыздарына конвертация жасалды. Нәтижесінде олардың қарызының жүктемесі 2 есеге төмендеді. Әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын 8 мың адамның негізгі қарызы азайтылды", деді спикер. 

Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, халықтың ипотекалық несие бойынша 388 мың қарызы бар. Оның жалпы сомасы 2,4 трлн теңгеге жеткен. 

"Қарыздың негізгі бөлігі, 98%-ға жуығы теңгемен алынған. Бұл шамамен 2,4 трлн теңге. Ал 2,5%-ы шетел валютасымен алынған. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде ипотекалық портфельдегі проблемалық несиелер көрсеткіші 7%-ға төмендеді",  –деді Нұрлан Әбдірахманов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу