Халықтың несиелік қарызы 6,9 трлн теңгеге жетті

722

Тұрғындардың басым бөлігі қаржы институтына тұтынушылық мақсатта жүгінген. 

Халықтың несиелік қарызы 6,9 трлн теңгеге жетті

Халықтың несиелік қарызы 6 трлн 900 млрд теңгеге жетті. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, жылдық өсім шамамен 4 пайызды құраған, деп хабарлайды Atameken Business.

Тұрғындардың басым бөлігі қаржы институтына тұтынушылық мақсатта жүгінген. Ол үшін банктерден 4 трлн 200 млрд теңге алынған. Соңғы уақытта ипотекамен баспаналы болғандар саны да күрт көбейген. Тұрғын үй заемдары биыл 15 пайызға дейін өсіп, қарыз көлемі 2 трлн теңгеге жеткен. Экономикаға берілген кредит мөлшері де ұлғайды. Әсіресе, бизнесті қаржыландыру үлесі жоғарылаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу