Халықтың шығыны рекордтық көрсеткішке жетті

776

Қаражаттың көп бөлігі азық-түлікке жұмсалады.

Халықтың шығыны рекордтық көрсеткішке жетті

Жылдың бірінші тоқсанында халықтың шығыстары бір жылда бірден 16,7%-ға өсті. Жан басына шаққанда рекордтық 219,7 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме беріп.

Былтырғы бірінші тоқсанда халықтың шығыстары жан басына шаққанда 188,2 мың теңгені құрады.

Өңірлер бойынша, Алматы тұрғындары көп шығынданады екен. Бір тоқсанда жан басына шаққанда 319,6 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 19,7%-ға артық. 

Екінші және үшінші орындарда Қарағанды облысы (жан басына шаққанда 275,3 мың теңге, 15% артқан) және Астана (266,2 мың теңге, 14,9%-ға артқан) орналасты.

Ең төменгі көрсеткіштер Шымкентте байқалады (барлығы 158,2 мың теңге), былтырғыдан 6,7%-ға артқан.

Халық шығындарының 91,9%-ы тұтыну шығыстарына кетеді (201,8 мың теңге). Оның ішінде азық – түлік тауарларына 109,9 мың теңгені, азық-түлік емес тауарларына – 53,2 мың теңге, ал ақылы қызметтерге – 38,8 мың теңге.

Туыстарына материалдық көмек пен алименттерге шығындар 4,1 мың теңгені, қарыздарды өтеуге – 13,4 мың теңгені, салықтар, төлемдер және басқа да төлемдерге – 437 теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу