"Біздің ұйым Қазақстанның шешімін жоғары бағалап отыр. Бұл маңызды қадам. Бүкіл әлем бойынша деректерді дұрыс жинауға да септігін тигізеді. Індетті бұлай жіктеу эпидемиологиялық жағдайды дұрыс анықтап, қажетті қаржыны жеткілікті бөлуге мүмкіндік береді. Мұндай процес дәрігерлерді жаңа тәртіпке дайындаумен қатар жүріп жатқанын ескеру керек. Бүгін Қазақстандағы адамдар алдын алу шараларынан жақсы құлақтанғанын көріп отырмыз. Қазақстандықтардың дәрігерлерге қолдау көрсетіп, әлсіз топтарға қайырыммен қарағанын көріп, жоғары бағалап отырмыз. Вирус әлі қасымызда, қасымызда бола да береді. ДССҰ Қазақстан Үкіметімен бірге жұмыс істеуін жалғастырады. Халықтың шынайы ақпарат алуына және қажетті медициналық көмекке қол жеткізуіне Денсаулық сақтау министрлігі жауапты", – деді ДДСҰ өкілі.
Есжан Ботақара