Халықтың табысы 11%-ға өскен, ал инфляция шамамен 9%-ды құрады

1692

Қазақстанда ең төмен айлық Түркістан облысында, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Халықтың табысы 11%-ға өскен, ал инфляция шамамен 9%-ды құрады

2021 жылдың төртінші тоқсанындағы жан басына шаққандағы кірістер 214,5 мың теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,6%-ға артық. Айта кететіні, осы кезеңде жылдық инфляция деңгейі 8,7%-ды құрады.

Салыстырар болсақ, 2020 жылдың осы кезеңінде жан басына шаққандағы ақшалай табыс орташа есеппен тоқсанына 193,8 мың теңгені, жылына +8,8%-ды құрады.

Өңірлік тұрғыда ең жоғары кіріс дәстүрлі түрде елордада тіркелген. 2021 жылдың төртінші тоқсанында жан басына шаққанда 307,6 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 16,6%-ға артық.

Екінші қатарда Қарағанды ​​облысы болды (288,2 мың теңге, +17,8%). Үздік үштікті Қостанай облысы қорытындылады (265,1 мың теңге, жылдық өсім – 18,8%).

Ең төменгі табыс Түркістан облысында тіркелді: тоқсанына жан басына 132 мың теңге ғана, бұл республикалық көрсеткіштен 38,4%-ға аз.

Халық табысының көп бөлігін дәстүрлі түрде еңбек қызметінен түскен кірістер құрады: орта есеппен 150,2 мың теңге, көрсеткіш жылына 14,2%-ға өсті. Оның ішінде 130,5 мың теңгесі – жұмыспен қамтудан, 19,8 мың теңгесі – өзін-өзі жұмыспен қамтудан табыстар.

Өз кезегінде, 2021 жылдың төртінші тоқсанында әлеуметтік аударымдар былтырғымен салыстырғанда 2,7%-ға өсіп, 54,1 мың теңгені құрады. Оның ішінде зейнетақы – 45 мың теңге, жәрдемақы – 7,9 мың теңге, шәкіртақы – 1,2 мың теңге, АӘК және тұрғын үй көмегі – 87 теңгені құрады.

Туыстары мен жақындарынан алынған материалдық көмек түріндегі, сондай-ақ алимент түріндегі табыс бір жылда 3,2%-ға өсіп, 4,9 мың теңгені құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу