Халықтың табысы 200 мың теңгеден асты

1090

Өңірде шағын және орта бизнес (ШОБ) тұрақты даму қарқынынын көрсетіп отыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Халықтың табысы 200 мың теңгеден асты

Премьер-министр сайтының мәліметінше, облыста пандемия кезеңінде шағын және орта бизнес субъектілерінің санын қысқартуға жол берілмеген.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өткен жылы жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен төмен болған:4,5%. Халықтың табысы да 200 мың теңгеден асқан.

"ШОБ тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Жыл соңына дейін осы динамиканың сақталуын күтеміз", – деді өңір басшысы.

Ол өңір экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі жыл сайын артып келе жатқанын, оның үлесі 16-17% деңгейінде екенін атап өтті. ШОБ барлық жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті халықтың 38%-ын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

"Сондықтан біз ШОБ-ты дамытуға аса мүдделіміз. Осыған дейін Қарағанды шахтерлер қаласы болса, енді мұнда шағын және орта бизнес көп. Оларға жан-жақты практикалық қолдау көрсетіліп жатыр", деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімі өңірде 90 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Сегменттің жыл сайынғы өсу қарқыны шамамен 10%.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу