Халықтың табысы артады – Ұлттық банк

917

Қазақстанның Ұлттық банкі 2021 жылғы мамыр-маусым болжамды кезеңнің қорытындысын жариялады.

Халықтың табысы артады – Ұлттық банк Фото: inbusiness.kz

Биыл іскерлік белсенділік тез қалпына келіп, халықтың табысы артады деген болжам бар. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол Қазақстандағы инфляцияның жеделдеуі, базалық мөлшерлемені ұстап тұру және төлем балансының болжамын жақсартуға қатысты пікір білдірді.

Ақылжан Баймағамбетов коронавирусқа қарсы екпе салу, карантин шараларының жеңілдеуі экономиканың нақты секторына оң әсер еткенін атап өтті.

"Экономика тез қалпына келіп жатқанын ескере отырып, Ұлттық банк экономика өсіміне қатысты болжамын қайта қарады. Осылайша, экономика салаларындағы іскерлік белсенділік барынша тез қалпына келіп, халықтың табысы артады деген болжам бар. Бұл жиынтық сұраныстың кеңеюіне ықпал етеді, ол экономика өсімінің драйвері болады", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, бұл фактор ЖІӨ-нің қарқынын ұстап тұруға импорттың қалпына келуіне ықпал етеді.

"Экспорт болса, ОПЕК+ шектеулерінің жұмсаруына байланысты мұнай алу көлемінің көбеюіне, сондай-ақ, қазақстандық экспорт тауарларының сыртқы сұранысының артуына байланысты, осы жылдың екінші жартысында қалпына келеді деген болжам бар", - Ақылжан Баймағамбетов.

Ол биыл бюджет шығындары қайта қаралғанын айтты.

"Ішкі сұраныстың қалпына келуі жағымды импульс болып саналады. Осылайша, ол экономиканың өсіміне де, инфляциялық процестерге де өсім сипатында ықпал етеді", - деді төраға орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу