Халықтың табысы бір жылда 12%-ға өсті

1940

Халықтың жартысында ай сайынғы табыс 50 мың теңгеден аспайды.

Халықтың табысы бір жылда 12%-ға өсті

Халықтың табысы, 2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысына сай, бір жылда 11,5%-ға өсіп, 210,7 мың теңге болған, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ға сілтеме жасап.

Ең көп табыс табатын елорда тұрғындары. Былтырғы үшінші тоқсандағы есеп – 293,1 мың теңге. 

Көшбасшылар үштігіне Қарағанды облысы (273,7 мың теңге) мен Алматы (254,1 мың теңге) қаласы кірді.

Халқы тығыз орналасқан Түркістан облысында табыс аз – 135,3 мың теңге. Дегенмен Түркістан облысында жалақы өсімі бар – 22%. 

Алматы облысында жалақы өсімі төмен – 3,9%. 

Табыстың көп бөлігі жұмыстан түсетіні анық. Ол, орта есеппен, 148 мың теңге. Оның ішінде 127,4 мың тг жалдамалы жұмыстан түсетін табыс, 20,6 мың тг – өзін-өзі жұмыспен қамтудан немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.

Әлеуметтік трансферттер бір жылда 1%-ға өсіп, 53,4 мың теңге болған. Оның ішінде 44,1 мың теңге – зейнетақы, 8,3 мың теңге – жәрдемақы, 966 теңге – стипендия, 80 теңге – АӘК және тұрғын үй көмегі.

Туыстардан, таныстардан материалдық көмек, алимент 6,2%-ға (5,2 мың теңгеге дейін) өсті.

Мемлекет басшысының пікірінше, жекелеген элиталық топтардың ықпалы өсіп, халықтың басым бөлігінің кірісі төмендеген. Бұл жағдай қауіпсіздікке елеулі қауіп төндірді. 

Халықаралық сарапшылар (атап айтқанда, KPMG) барлығы 162 адам Қазақстанның әл-ауқатының жартысын иеленеді деп мәлімдейді. Сонымен қатар халықтың жартысында ай сайынғы табыс 50 мың теңгеден аспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу