Халықтың табысы бір жылда 17%-ға артты

586

Жалпы табыстағы еңбек қызметінен түсетін табыс үлесі 76%-ды құрады. 

Халықтың табысы бір жылда 17%-ға артты Фото: liter.kz

2022 жылдың үшінші тоқсанында халықтың ақшалай табысы 245,5 мың теңгеге жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Республика бойынша ең көп табыс Астана қаласында тіркелді. Мұнда кірістер жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңгені құрады, жылдық өсім – 15,7%.

Екінші орында Қарағанды облысы орналасты (332,3 мың теңге, +21,4%). Үштіктер қатарында ШҚО орналасты (312,7 мың теңге, жылдық өсім – 31,8%).

Ең төменгі кірістер Түркістан облысында байқалды: жан басына шаққанда 156,4 мың теңге, +15,6%. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен аз.

Қазақстандықтар табысының басым бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен түскен кірістер құрады: 180,4 мың теңге, жылдық өсім – 21,9%. Оның ішінде жалдамалы жұмыстан түскен табыс – 157,2 мың тг, өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс – 23,2 мың тг.

Әлеуметтік трансферттер бір жылда 3,3%-ға, 55,1 мың теңгеге дейін артты. Оның ішінде зейнетақы – 44,8 мың теңгеге, жәрдемақы – 9,1 мың теңгеге, шәкіртақы – 1 мың теңгеге, АӘК және тұрғын үй көмегі 239 теңгеге өсті.

Туыстары мен таныстарынан алынған материалдық көмек түріндегі, сонымен қатар алимент түріндегі табыс 6,2%-ға артып, 5,5 мың теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу