Халықтың табысын арттыру бағдарламасын Нартай Аралбайұлы "ақпараттық сүйемелдейді"

1452

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарын іске асыру жөнінде ақпарат берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Халықтың табысын арттыру бағдарламасын Нартай Аралбайұлы "ақпараттық сүйемелдейді"

"Алғаш рет елдік ауқымдағы бағдарламаны іске асыруға мүдделі тараптардың тікелей қатысуына негізделген халықаралық тәжірибе қолданылып отыр. Сондықтан бүгін жас болса да, кәсіби деңгейлері жоғары елдің азаматтары, сарапшылары құжаттың жекелеген бағыттарына жетекшілік етеді", – деді Тоғжанов 26 мамырда Сенат отырысында. 

"Мамандығым - болашағым" бағыты – Саясат Нұрбек;
"Ауыл аманаты" бағыты – Елдар Жұмағазиев;
"Ақпараттық сүйемелдеу" бағыты – Рақым Ошақбаев пен Нартай Аралбайұлы;
"Әлеуметтік аз қамтылған топқа жатқызылған аналардың табысын арттыру" бағыты – Нәзипа Шанай мен Ырза Тұрсынзада;
"Креативтік индустрия жобалары" бағыты – Алмас Жәли;
"Өндіріс" секторы – Нұрсұлтан Шоқанов;
"Әлеуметтік кәсіпкерлік" бағыты – Эмин Әскеров;
"Бала-шағамен – солтүстікке" жобасы – Дәулет Мұқаев.

Үкімет басшысының орынбасары дәрігер, педогог, бюджет қызметкерлері және жұмысшылардың – жалпы 1,1 млннан астам адамның жалақысы өсетінін айтты.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу