Халықтың зейнетақы жинағы 20%-ға артып, 12,6 триллион теңгеге жетті

582

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 867,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түскен.

Халықтың зейнетақы жинағы 20%-ға артып, 12,6 триллион теңгеге жетті

2020 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша халықтың БЖЗҚ-дағы жинақтары 12,6 трлн теңгеге жетті. Яғни былтырғы көрсеткіштен 19,5%-ға көп. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады.

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 867,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың 10 айындағы көрсеткіштен 67,1 млрд теңгеге немесе 8%-ға артық. 

2020 жылдың қаңтар және қазан айларының қорытындысы бойынша салымшылардың шоттарына 1,1 трлн теңге мөлшерінде инвестициялық кіріс түсті, бұл өткен жылдың дәл осы уақыт аралығындағы көрсеткіштен 2 есе көп. Сонымен қатар соңғы 12 айда БЖЗҚ салымшыларына арналған зейнетақы активтерінің кірістілігі 7,10% деңгейіндегі инфляция кезінде 10,88% болды. Яғни зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік көрсеткіші 3,78%-ға жеткен.

Қатерлерді барынша азайту, сондай-ақ кірістілікті қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк тұрақты түрде зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыру жұмыстары жүргізеді. Мысалы, биыл ҚР МБҚ-ға құйылған инвестициялар көлемі 5,7 трлн теңгеге дейін өсті. Шетелдік банктердегі депозиттердің үлесі 4%-ға дейін, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының үлесі 3,4%-ға дейін артты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу