ХАМАС 199 адамды кепілге алған

Израиль қорғаныс күштері (IDF) осылай деп мәлімдеді. 

ХАМАС 199 адамды кепілге алған Фото: Газета.Ру

Радикалды ХАМАС қозғалысының жауынгерлері израильдік елді мекендерге жасаған шабуыл кезінде кем дегенде 199 адамды тұтқынға алды, деп хабарлады The Times of Israel басылымына Израиль қорғаныс күштерінің (IDF) баспасөз хатшысы Даниел Хагари.

 "Әскерилер кепілге алынған 199 адамның отбасына олардың жақындарының Газа секторында тұтқында екенін хабарлады", - деп жазады басылым.

Хагаридің айтуынша, Израиль әскерилері кепілге алынғандардың қайда екені туралы біраз ақпаратқа ие.

7 қазанда Газада орналасқан ХАМАС радикалдық тобы Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасады. Қарсы тарап жауап ретінде әскери операция бастады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу