ХАМАС алғашқы 7 израильдік тұтқынды босатты

Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.  

ХАМАС алғашқы 7 израильдік тұтқынды босатты Фото: BBC

Босатылғандардың Қызыл Крест халықаралық ұйымының өкілдеріне тапсырылғаны айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, ХАМАС қозғалысы Израиль азаматтары арасынан алғашқы 7 тұтқынды босатып, атыс тоқтағаннан кейінгі бейбітшілік қадамдарын жасап жатыр. 

Ізінше Израиль тарапы босатылған тұтқындар қауіпсіз аймаққа жеткізіліп, медициналық тексеруден өткенін айтты. Олардың арасында бірнеше әйел мен жасөспірім де бар екені хабарланған.

Айта кетейік, бұл қадам Газа секторындағы атысты уақытша тоқтату және тұтқындармен алмасу жөніндегі келісімнің алғашқы кезеңі ретінде бағаланды. Келісімге сай, ХАМАС бірнеше кезең бойынша тұтқындарды босатуы тиіс, ал Израиль жағы Газаға гуманитарлық көмекті ұлғайтуға және кейбір палестиналық тұтқынды босатуға уәде берген. Бұған дейін Газаға көптен күткен гуманитарлық көмек жете бастағанын жазған едік. 

Сарапшылар аталған іс-әрекет екі тарап арасындағы ұзаққа созылған қақтығыста бір-біріне сенім қалыптастырудың алғашқы белгісі болуы мүмкін екенін жасырмайды. Десе де, атысты толық тоқтату жобасы әлі де белгісіз болып тұр. Өйткені, Израиль әскери-саяси басшылығы ХАМАС-ты "толық бейтараптандыру" саясатын өзгертпегенін мәлімдеген. 

БҰҰ және Қызыл Крест ұйымдары бұл процесті "гуманитарлық тұрғыдан маңызды жетістік" деп бағалап, қос тарапты тұрғындардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу