Палестиналық ХАМАС тобы Израиль Газа секторына әуе шабуылдарын тоқтатса, бейбіт тұрғындар арасында барлық кепілге алынған адамдарды дереу босатуға дайын, деп хабарлайды Inbusiness.kz NBC порталына сілтеме жасап.
Сонымен бірге, тұтқында қалған израильдік сарбаздарды босату үшін ХАМАС Израиль түрмелерінде отырған барлық палестиналықтарды босатуды талап етеді, деп түсіндірді топ өкілі. Ол АҚШ пен Израильдің бұл шарттар туралы білетіндігін айтты.
ХАМАС кем дегенде 199 израильдікті кепілге алды, деп хабарлады i24 News Израиль армиясының өкіліне сілтеме жасап. Бұған дейін ЦАХАЛ-да топ 155 адамды кепілге алды деп айтылған. Алайда ХАМАС-тың өзі тек 130 адамды ұстап отырғандарын мәлімдеді.