ХАМАС барлық шетелдіктерді тұтқыннан босататын болды — Reuters

557

Олар Мысыр пен Газа аумағының шекарасындағы "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы шыға алады.

ХАМАС барлық шетелдіктерді тұтқыннан босататын болды — Reuters Фото: timesofisrael.com

Израиль мен Мысыр Катар делдалдығымен және АҚШ-тың көмегімен Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысымен келісімге келді, оған сәйкес Газа секторынан шетелдіктер мен ауыр жарақат алған адамдар тұтқыннан босатылады. Бұл туралы Reuters ақпарат көзіне сілтеме жасап, Inbusiness.kz хабарлайды. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, келісімдер шетелдік төлқұжат иелері мен ауыр жарақат алған адамдар Мысыр мен Газа секторының шекарасындағы "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы шыға алады деп болжап отыр. Алайда, тараптар бұл бақылау пунктінің ашылу мерзімін белгілеген жоқ, деп түсіндіреді Reuters.

Агенттік сұхбаттасушысының айтуынша, бұл келісім ХАМАС кепілге алған адамдарды босату және анклавтағы гуманитарлық жағдайды жеңілдету үшін гуманитарлық үзіліс енгізу сияқты күн тәртібіндегі мәселелерді шешумен байланысты емес, деп хабарлайды ТАСС.

Бұған дейін ХАМАС қозғалысы сәрсенбіде Астана уақытымен сағат 11.00-ден бастап "Рафах" БӨП арқылы Газа секторынан шыға алатын адамдардың тізімін жариялаған болатын. Барлығы, тізімде кемінде 430 адам бар. Олар — Австралия, Австрия, Болгария, Индонезия, Иордания, Финляндия, Чехия және Жапония азаматтары. Сонымен қатар, анклавтан екі азаматтығы бар палестиналықтарға, Халықаралық Қызыл крест комитеті мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлеріне кетуге мүмкіндік беріледі. Кейінірек, Al-Qahera al-Ihbariya телеарнасы ондаған жедел жәрдем көліктері Мысыр аумағынан Газа секторына босатылған адамдарды алып кету, сондай-ақ, жараланған және ауыр науқас палестиналықтардың бірінші тобын Мысыр аумағына жеткізу үшін "Рафах" бақылау бекеті жіберілгенің хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу