Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Газа секторындағы ХАМАС жетекшісі Халиль әл-Хайя Израильдің "атысты ішінара тоқтату" туралы ұсыныстарына пікір білдірді.
"Біз Израиль шабуылдарын толық тоқтатып, әскерін Газадан толық шығаруға келіссе, барлық тұтқынды босату туралы жан-жақты келісім бойынша келіссөздерді дереу бастауға дайынбыз", - деді ол.
Сондай-ақ, ХАМАС жетекшісі АҚШ-тың тұтқындар мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Адам Болердің соғысты тоқтатып, барлық тұтқынды босату жөніндегі ұстанымын құптайды. Сөзінше, бұл ұстаным ХАМАС ұстанымымен сәйкес келеді.