ХАМАС басшысы Исмаил Хания қаза тапты

317

Ол Иран астанасы Тегеранда көз жұмды. 

ХАМАС басшысы Исмаил Хания қаза тапты Фото: nv.ua

Палестинадағы Хамас қозғалысының саяси бюро басшысы Хамас Исмаил Хания Иран астанасы Тегерандағы резиденциясына соққы кезінде қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Mehr агенттігіне сілтеме жасап.

Палестинадағы Хамас қозғалысының саяси бюро басшысы Хамас Исмаил Хания Иран астанасы Тегерандағы резиденциясына соққы кезінде қаза тапқанын Mehr агенттігі Ислам революциясының қамқоршылар корпусының (КСИР) мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

"Палестинаның Қарсыласу қозғалысының саяси бюросының басшысы Хамас Исмаил Хания Тегеранда шейіт болды", - делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, атыс кезінде Ханияның оққағарларының бірі де қаза тапқан. Оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу