Палестиналық ХАМАС қозғалысы соңғы тәулікте Газа секторында 700-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Израиль оккупациясының салдарынан соңғы 24 сағат ішінде 700-ден астам Палестина азаматы қаза тапты", – деп жазылған ХАМАС-тың Telegram-дағы парақшасында.
1,5 миллионнан астам палестиналық үйлерін тастап, бас сауғалап қашқан.
1 желтоқсан күні Израиль әскері ХАМАС қозғалысын бітімгершілік туралы келісімді бұзды деп айыптап, Газа секторындағы әрекеттерін бастайтынын жариялады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу