ХАМАС Газа тұрғындарын қалқан ретінде қолданып отыр ма?

449

Олар бүкіл Газа тұрғындарын кепілдікке алып отыр.

ХАМАС Газа тұрғындарын қалқан ретінде қолданып отыр ма? Фото: Юсеф Мухаммед/ТАСС

Израилге келген Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок ХАМАС Газа тұрғындарын қалқан ретінде қолданып отыр деп айыптады.

Сондай-ақ ол Газа маңындағы Нетивот қаласына барды. 

Бербок өзінің израильдік әріптесі Эли Коэнмен кездесуінен кейін баспасөз мәслихатын өткізіп, Газадағы бейбіт тұрғындардың азап шегуіне ХАМАС ұйымын кінәлады.

"ХАМАС қазір жазықсыз адамдардың артына жасырынып, оларды қалқан ретінде пайдалануда. Олар бүкіл Газа тұрғындарын кепілдікке алып отыр. Олардың тоннелі, қару-жарақ қоймасы және бұйрық беру орталығының бәрі тұрғын үйлерде, супермаркет пен университетте орналасқан. Тіптен ауруханада да орналасуы мүмкін", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу