Газада шамамен 215 адам кепілде отыр

397

24 қарашада Газа секторында Израиль мен ХАМАС арасында төрт күндік бітім орнады.   

Газада шамамен 215 адам кепілде  отыр Фото: pbs.org

ХАМАС қозғалысының өкілдері Газа секторында 215-ке жуық адамды кепілде ұстап отыр. Бұл туралы брифингте Израиль қорғаныс әскерінің ресми өкілі Дорон Спилман мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Дәл қазіргі сәтте Газада шамамен 215 адам қамауда отыр", – деді ол.

24 қарашада Газа секторында Израиль мен ХАМАС арасында төрт күндік бітім орнады. Мәміле бойынша, тараптар  атысты тоқтатуға, кепілге алынғандарды босатуға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу