ХАМАС Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін растады

319

Бұл мәлімдеме радикалды топтың Telegram-каналында жарияланды.  

ХАМАС Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін растады Фото: www.aa.com.tr

Палестиналық ХАМАС қозғалысы Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

– ХАМАС Шарм-эль-Шейхте байыпты және жауапты келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы келісімді жариялауға дайын. Біз Катар, Мысыр және Түркиядан келген делдалдардың жұмысын жоғары бағалаймыз. АҚШ президенті Дональд Трампқа соғысты тоқтатуға және Газа секторынан оккупация күштерін толық шығаруға қол жеткізгені үшін алғыс айтамыз, – делінген хабарламада.

Ұйым құжатта Израиль әскерлерін шығару, анклавқа гуманитарлық көмек ағыны және израильдік кепілге алынғандарды палестиналық тұтқындарға айырбастау қарастырылғанын хабарлады. Осыған байланысты ХАМАС АҚШ президенті Дональд Трамптан, келісімге кепіл беруші мемлекеттерден, сондай-ақ араб және ислам елдерінен Израильді келісім бойынша барлық міндеттемелерін орындауға міндеттеуді және бұл мәселеде ешқандай кідірістерге жол бермеуді сұрады.

Сонымен қатар ұйым Палестина халқының құқықтарынан, оның ішінде "бостандық, тәуелсіздік және өзін-өзі билеу құқығынан" бас тартпайтынын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу