ХАМАС мұндай шешімге Каирде өткен соңғы келіссөздерде жасалған қатты қысымнан соң келуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Аталған қозғалыс осылайша Газаның басқаруын Палестина ұлттық әкімшілігіне тапсыруға дайын. Бірақ, бір шарт бар. Ол шарттың мәні – жаңа әкімшілікте қызметкерлер үшін жұмыс орындарын сақтау немесе оларды зейнетке шығару, бірақ жалақыларын сақтап қалуға кепілдіктер беру.
– ХАМАС қозғалысы Палестина азаттық ұйымына (ОАӨ) жазған хатында Газаның басқаруын палестиналық билік пен үкіметтік комиссияға тапсыруға дайын екенін білдірді, – делінген арнаның хабарламасында.
Арна дереккөзі ХАМАС билігінің Газаны тапсыру туралы шешімді қабылдауына Мысыр тарапынан Каирде өткен соңғы келіссөздерде жасалған күшті қысым әсер еткенін жазған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Газаны өз қадағалауына алатынын және аймақтағы қалпына келтіру жұмыстары жүргізетінін мәлімдеген еді. Сонымен қатар, ол қазіргі Газаны "құлатуға арналған алаң" деп атап, тұрғындарына басқа елдерге, яғни, Иордания немесе Египетке тұрақты қоныс аударуды ұсынып келеді.
Араб елдері Газаның болашағына қатысты кем дегенде төрт жоспар әзірлеп отыр. Олардың бірінде Мысырмен шекарада туннельдер салуды болдырмау үшін буферлік аймақ құру және палестиналықтар үшін уақытша тұратын аймақтар ұйымдастыру ұсынылған.
Еске салайық, 19 қаңтардан бастап Газада атыстарды тоқтату режимі енгізілген болатын.