ХАМАС Израильдің бітімге келу және кепілге алынғандарды айырбастау туралы ұсынысын қабылдамады – БАҚ

264

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Палестина ұйымы толық атыс тоқтатуды талап етіп отыр. 

ХАМАС Израильдің бітімге келу және кепілге алынғандарды айырбастау туралы ұсынысын қабылдамады – БАҚ Фото: AP

ХАМАС кепілге алынғандарды қайтару процесін талқылаудан бас тартты. Израиль тарапының 40 адамды босату үшін бір аптаға соғысты тоқтату туралы ұсынысы қабылданбады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, содырлар қолбасшылығы атысты тоқтату келісімі күшіне енгенше израильдік кепілге алынғандарды қайтару мәселесін талқылаудан бас тартып отыр.

Топтың ұстанымын ХАМАС саяси қанатының басшысы Исмаил Хания Мысыр барлауымен сұхбаты барысында айтты. Сондай-ақ, ол Каирге атысты тоқтату туралы келісімге келу және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді арттыру үшін келгенін түсіндірді.

Сонымен қатар, Хания кепілге алынған 100 адамға айырбас ретінде барлық палестиналық тұтқындарды босатуды талап етті.

Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль әскері басып кіргеннен бері анклавта 20 мың адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу