ХАМАС кепілдегілерді босату бойынша Израильмен ымыраға келуге дайын

511

Басты шарт – Израиль түрмедегі барлық палестиналықтарды босатуы керек.

ХАМАС кепілдегілерді босату бойынша Израильмен ымыраға келуге дайын Фото: REUTERS

ХАМАС 7 қазанда тұтқынға алынғандарды босату бойынша Израильмен "толық ымыраға келуге" дайын. Бұл туралы ХАМАС саяси бюросының жоғары лауазымды мүшесі Гази Хамад NBC News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Сұхбат барысында Хамад кепілдегілерді босату үшін басты шартын айтты, ол үшін Израиль түрмедегі барлық палестиналықтарды босатуы қажет.

"Біз бұл адамдардың үйіне оралуын қалаймыз. Сондай-ақ түрмеде отырғандар да үйіне қайтуы керек. Сондықтан біз бұл тұрғыда толықтай ымыраға келуге дайынбыз. Израиль түрмесіндегі әскери және өзге де палестиналық азаматтар шығарылуы керек", - деді  Гази Хамад.

Израильдің мәліметінше, ХАМАС 7 қазаннан бері 242 адамды кепілде ұстап отыр. Төрт адамды содырлар өздері босатқан, тағы бірін Израиль әскері босатты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу