ХАМАС кепілге алынғандардың қаншасы босатылатынын хабарлады

448

Израиль бітімгершіліктің алғашқы күндерінде 117 палестиналық тұтқынды босатқан. 

ХАМАС кепілге алынғандардың қаншасы босатылатынын хабарлады Фото: apnews.com

ХАМАС қозғалысы дүйсенбі күні кешке Израильге бітімгершілік келісімдерінің бір бөлігі ретінде тұтқыннан босатуы тиіс 11 адамның тізімін бергені белгілі болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, ХАМАС бір күн бұрын бітімгершілікті ұзартуға ниет білдірді. Ал тараптар қазіргі таңда, келісімді ұзарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, ХАМАС жексенбі күні кепілге алынған 17 адамды, соның ішінде 14 израильдік пен үш шетелдік азаматты босатты. Бұған жауап ретінде Израиль тарапы 39 палестиналықты азат етті.

Басылымның мәліметінше, Израиль бітімге келген алғашқы күндері 117 палестиналық тұтқынды босатқан. Сондай-ақ, дүйсенбі күні тағы 40-қа жуық адам босатылады деп күтілуде.

ХАМАС-тың Израильмен келісімдеріне сәйкес, Палестина қозғалысы соғыс қимылдарын тоқтатудың әрбір қосымша күні кепілге алынған 10 адамды босатуы қажет.

Израиль министрлер кабинеті бекіткен тараптар арасындағы келісімде бітімге келудің ең ұзақ мерзімі 10 күн, оның барысында Израиль 300 тұтқынды босатады. Ал жаңа бітімге келу үшін, Израиль министрлері кезекті дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.

Еске сала кетейік, дүйсенбі – Газа секторында кепілге алынған израильдіктерді Израиль түрмелеріндегі палестиналықтарға айырбастайтын төрт күннің соңғысы. Жалпы, келісімдер 24 қараша күні орындала бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу