ХАМАС көшбасшыларының бірі Мәскеуге келіссөздерге келді

551

ХАМАС саяси бюросының мүшесі Әбу Марзук Ресейге, Мәскеуге іс-сапармен келді. 

ХАМАС көшбасшыларының бірі Мәскеуге келіссөздерге келді Фото: BBC

Ақпаратты Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова растады, деп жазады Inbusiness.kz.

Ресейдің сыртқы саяси ведомствосы ХАМАС өкілдерімен кездесуде тараптар ресейліктерді Газа секторынан эвакуациялауды және исламистік топ тұтқындаған Ресей азаматтарын босатуды талқылады деп хабарлады.

"Онымен [Әбу Марзукпен] Газа секторының аумағында орналасқан шетелдік кепілге алынған адамдарды дереу босату үшін байланыстар орнатылды, сондай-ақ Палестина анклавының аумағынан ресейлік және басқа да шетелдік азаматтарды эвакуациялауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер талқыланды", - деді РФ СІМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу