ХАМАС өкілдері Мысырдан көмек сұрады

766

Палестина Рафах бақылау-өткізу пунктін толығымен ашуға және Газа секторындағы Палестина халқының өмірін сақтауға шақырады. 

ХАМАС өкілдері Мысырдан көмек сұрады Фото: img6.eadaily.com

Палестиналық ХАМАС тобының содырлары Мысырдан Газа секторын байланыс пен интернетпен қамтамасыз етуді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.

"Біз Мысыр желілерінде роуминг қызметін қамтамасыз етуді жеделдетуге, Рафах бақылау-өткізу пунктін толығымен ашуға және Газа секторындағы Палестина халқының өмірін сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Палестиналық Paltel провайдері жақында Газа секторы байланыссыз және интернетсіз қалғанын хабарлады. Палестиналық босқындарға көмектесу үшін БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігі соңғы он күнде байланыс үшінші рет үзілгенін айтты. Бұған дейін аймақ 27 қазан мен 1 қараша аралығында байланыссыз қалды.

Палестинаның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Исхак Садр 29 қазанда Израиль билігі Газадағы байланыс пен интернетті әдейі өшірді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Палестина билігі америкалық кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі Starlink спутниктік интернет желісіне қосылуға рұқсат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу