ХАМАС пен Израиль кепілге алынған адамдарды екінші мәрте алмастырды

402

24 қарашада Израиль армиясы мен Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы арасында төрт күндік бітім орнады.   

ХАМАС пен Израиль кепілге алынған адамдарды екінші мәрте алмастырды

ХАМАС пен Израиль 26 қарашаға қараған түні кепілге алынған адамдар мен тұтқындарды екінші мәрте алмастырды. Ресми дерек бойынша, Израиль 39 палестиналықты, ХАМАС 13 израильдік пен 7 шетелдікті босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір күн бұрын ХАМАС Израильді Газа секторының солтүстік бөлігіне гуманитарлық көмек әкелуге тосқауыл қойды деп айыптаған болатын. Ал Израиль "егер адамдар түн ортасына дейін жіберілмесе соғыс қимылдарын қайта бастаймын" деп мәлімдеген еді. Дегенмен делдалдардың көмегімен бұл мәселе шешілді.

24 қарашада Израиль армиясы мен Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы арасында төрт күндік бітім орнады. Оның бірінші кезеңінде ХАМАС 13 израильдікті (дені – әйелдер мен балалар) еліне қайтарды. Израиль тұтқындағы 39 палестиналықты босатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу