ХАМАС тағы 3 израильдік тұтқынды босатты

163

Ал Израиль келісім бойынша 180 Палестина азаматын түрмеден шығарды.

ХАМАС тағы 3 израильдік тұтқынды босатты Фото: ria.ru

ХАМАС кепілдегілерді "Қызыл крест" халықаралық ұйымына тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Олардың ішінде 52 жастағы Эли Шараби, 56 жастағы Охад Бен-Ами және 34 жастағы Ор Леви бар. 

Ор Леви Израильдің оңтүстігіндегі Нова фестивалі кезінде қолға түсті. Оның әйелін ХАМАС содырлары өлтірген.

Эли Шараби Беэриде тұтқынға алынды. Оның әйелі мен 2 қызы қаза тапты. Онымен бірге ағасы Йосси де тұтқынға алынған. Ол қайтыс болды, денесі ХАМАС-тың қолында.

Охад Бен-Ами де Бэериден. Оның әйелі Раз Бен-Ами де ұрланған және 2023 жылдың қарашасындағы бір аптаға созылған атысты тоқтату келісімі аясында босатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу