ХАМАС Таиландтың 20 азаматын әлі кепілде ұстап отыр

384

Қақтығыс басталғалы 39 таиландтық қаза тапты.  

ХАМАС Таиландтың 20 азаматын әлі кепілде ұстап отыр Фото: Reuters

ХАМАС қозғалысы Газа секторында 20 Таиланд азаматын әлі кепілде ұстап отыр. Бұл туралы Таиландтың Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жақында босатылған 10 таиландтықтың төртеуін бұрын Израиль билігі есепке алмаған. Соңғы деректер бойынша, әлі 20 азаматымызды ұстап отыр, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін ХАМАС бұл елдің 12 азаматын босатқаны хабарланған еді. Бірақ Таиланд СІМ бұл ақпаратты жоққа шығарып, 10 таиландтық босатылғанын хабарлады.

Қақтығыс басталғалы 39 таиландтық қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу