Ливандағы палестиналық ХАМАС қозғалысының жетекшілерінің бірі Шариф Әбу әл-Амин Израильдің соққысынан қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"ХАМАС Ливандағы исламдық қарсылық қозғалысының жетекшісі әрі шетелдегі қозғалыс басшылығының мүшесі Фатх Шариф Әбу әл-Аминнің қазасына орай көңіл айтады", – делінген хабарламады.
Қозғалыс мүшелері Әбу әл-Аминнің Ливанның оңтүстігіндегі лаңкестік операция кезінде, Эль-Басс босқындар лагеріндегі үйіне соққы жасалғаннан кейін, "бүгін таңертең" қаза тапқанын нақтылады. Сондай-ақ, ғимаратта болған Әбу әл-Аминнің әйелі, ұлы мен қызы қаза тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу