ХАМАС жақында босатуға уәде еткен 33 тұтқынның 8-і қаза тапқан болып шықты

134

Бұл туралы Израиль үкімет хабарлады. 

ХАМАС жақында босатуға уәде еткен 33 тұтқынның 8-і қаза тапқан болып шықты Фото: Reuters

Израиль үкіметі ХАМАС ұйымы жуырда босататын 33 тұтқынның 8-і қаза тапқанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

ХАМАС Израильге кепілдердің жағдайы туралы ақпарат берді. Бұл мәліметтер кейінірек жарияланды.

Израиль үкіметінің баспасөз хатшысы Давид Менцер ХАМАС-тың қолында болған 33 израильдіктен тек 25-і тірі екенін растады. Сөзінше, қалған 8 адамды босату қаза тапқан адамдардың денелерін отбасыларына тапсыру деген сөз.

Менцердің Израильдің арнайы қызметтері барлық қаза тапқандар туралы алдын ала білгенін айтты.

"ХАМАС-тан алынған тізім Израиль барлау қызметінің мәліметтерімен сәйкес келеді. Сондықтан 25 тұтқын тірі, ал сегіз адамдя ХАМАС содырлары өлтіргенін айта аламын", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу