Хаменова соты: Куәгерлер тыңдалды

1112

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша куәгерлер тыңдалды, деп жазады inbusiness.kz "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап.

Хаменова соты: Куәгерлер тыңдалды

Атырау қалалық №2 сотта Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Аталмыш іс бойынша сотталушы ретінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев, "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов қатысты.

Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек Ахмедияров, "Асыл өлке" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орынша Макеева, Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Жәнібек Аманиязовтың куәгерлер ретінде сөзі тыңдалды.

Сот отырысында күдіктілерді ұстау барысында түсірілген бейнежазбалар да қаралды.

Ақпаратта айтылғандай, Антикор қызметкерлері Рысқалиевтан пакеттегі ақша туралы сұрағанда ол бұл ақшаны танысынан қарызға алғанын айтты. Бірақ тергеу кезінде Рысқалиев басқа жауап айтқан.

"Мені антикор қызметкерлері ұстаған кезде қатты қобалжып, абыржығаннан солай жауап бердім. Бірақ кейін өз-өзіме келіп, барлық жайды бастан-аяқ баяндап айтып беруді шештім", – деді Рысқалиев.

Бақытгүл Хаменованың адвокаты Вранчев тергеудегілерден жауап алуға қатысқан Антикор тергеушісі Мұхамберлин, Абай ескерткіші жобасының авторы Нартовтан куә ретінде жауап алуға өтініш берген.

Айта кету керек, Атыраулық экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова "пара алды" деген күдікке ілінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу