Хан моласы мен Бопай ханым қорымына туристік маршрут ашылады

1106

Хан моласы мен Бопай ханым қорымына туристік маршрут ашылады

Қазақстанның киелі жерлері картасына енген Хан моласы мен Бопай ханым қорымына арнайы туристік маршурт болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Әбілқайыр ханның 325 жылдығына орай Ақтөбеде туристік маршрут әзірленіп жатыр. Оны дамыту үшін Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы облыстық тарихи-өлкетану музейіне автобус та берді.

"Қобда – батырлар мекені", "Ердің соңы Есет" атты туристік маршруттар бұрын да болған. Биыл Хан моласы мен Бопай ханым қорымына туристік маршрут болады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында әр ауданға маршрут ашып, оқушылар мен студенттердің баруына жол ашылады" ,- деді музей қызметкері Айнұр Мақсатқызы.

Ішкі туризммен айналысатын туристік компания алдағы уақытта облыстық білім басқармасымен келісе отырып, аудандарға оқушыларды апарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу