"Хан Шатыр" жабылады

1013

Әйтсе де, ондағы дәріхана мен супермаркет жұмысы тоқтамайды.

"Хан Шатыр" жабылады

Еліміздегі орын алған төтенше жағдайға байланысты ірі сауда орталықтары да өз жұмысын уақытша тоқтата бастады. Елордадағы "Хан Шатыр" СОСО да жабылатынын хабарлады.

"Біздің қонақтарымыздың, қызметкерлеріміздің және жалпы қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігі – біздің басты мақсатымыз. Сол себепті қазіргі жағдайда короновирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында "Хан Шатыр" СОСО жұмысын бүгін сағат 15:00 бастап уақытша тоқтатуды шешті",– деп хабарлады орталықтың әкімшілігі.

Дегенмен сағат 10:00 мен 22:00 аралығында Interfood супермаркеті, "Цветная" және Europharma дәріханалары, сонымен қатар автотұрақтағы көлік жуу орны жұмыс істейді.

"Хан Шатырға" басты кіреберіс пен авто тұрақ арқылы кіре аласыз. B және С кіреберістері жабық болмақ.

Бұған дейін Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов MEGA сауда-ойын-сауық орталықтары желісі жабылатынынан құлағдар еткен болатын

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу