"Хан Шатырда" өрт шыққаны рас па?

341

Оқиғаның мән-жайын ҚР ТЖМ баспасөз қызметі түсіндірді. 

"Хан Шатырда" өрт шыққаны рас па? Фото: astana_brothers бейнеден

Астанада "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығында өрт болып жатқаны туралы хабар беріліп, өрт сөндірушілер ғимаратқа шұғыл жеткен.

"Сағат 23.35-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері "Хан Шатыр" СОО-дан түскен аса шұғыл шақыртуға барды.

Өрт сөндірушілер ғимаратты дереу барлауға кірісті.

Барлау қорытындысы бойынша өрт шығу фактісі расталмады, бар болғаны сауда, ойын-сауық орталығы ғимаратының шатыры буланып жатқан болып шықты" , - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу