"Хан-Шатырдағы" бассейнде 8 жасар қыз суға батып кетті

905

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

 "Хан-Шатырдағы" бассейнде 8 жасар қыз суға батып кетті

Нұр-Сұлтанда "Хан-Шатыр" ойын-сауық орталығындағы Sky Beach Club жағажай клубы аумағында сегіз жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Оқиға дүйсенбі күні таңертең болды. Қазір жағдайдың қалай орын алғаны анықталып жатыр", – деді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Ол аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141 бабы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тексеру басталғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу