Ханчжоу - Алматы әуе рейсімен алғашқы жолаушылар ұшып келді

442

А321 үлгісіндегі әуе кемелері аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) ұшады.

Ханчжоу - Алматы әуе рейсімен алғашқы жолаушылар ұшып келді Фото: t.me/miirkz

Қытайдың әуе компаниясы Қазақстан бағытында рейс ашты.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы авиациялық биліктерінің бірлескен жұмысының арқасында бүгін қытайлық "Loong Airlines" әуе компаниясы Ханчжоу - Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсін орындады.

"Жаңа әуе тасымалдаушының Қазақстан әуе тасымалы нарығына кіруі, сондай-ақ жаңа әуе бағытының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - делінген комитет мәлімдемесінде.

Айта кетсек, Ханчжоу қаласы – Чжэцзян провинциясының астанасы. Қала халқының саны – 10 млн. 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында қалада 19-шы Азия ойындарын өткізу жоспарланып отыр. Ханчжоу қаласының әуежайы – Қытайдағы ең көп жұмыс істейтін 10 әуежайдың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу