"Ханның қызы": Қызылордалық әйелдің қандай айыппен ұсталғаны белгілі болды

1438

Оқиғаның мән-жайына байланысты Жаңақорған аудандық полиция бөлімі мәлімдеме жасады.

"Ханның қызы": Қызылордалық әйелдің қандай айыппен ұсталғаны белгілі болды Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекованы ұстау дерегі бойынша полиция түсінік берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Гүлшара Әбдіхалықоваға "ханның қызы" деп ат қойған қоғам белсендісі  көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстағанан жазған едік. 

Осыған орай Қызылорда облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын, қазір тергеу жүріп жатқанын мәлім етті. Оқиғаның мән-жайына байланысты Жаңақорған аудандық полиция бөлімі мәлімдеме жасады.

"28 ақпан және 6 наурыз күндері Қызылорда облысының полиция департаментіне облыстың екі тұрғыны жүгінді. Олар осы азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде арызданған. Тұрлыбекова бопсалау арқылы ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша талап еткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрлыбекова ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Бұдан бөлек тағы бірнеше бопсалау фактілері анықталды. Процеске қатысушылардың жауабын бұрмалауға ықпал етіп, тергеудің жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты тергеу соты оны күзетпен ұстау шарасын санкциялады. Ұстау заң шеңберінде жүргізілді. Арнайы құралдар мен жауынгерлік әдістер қолданылған жоқ. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", — деп атап өтті Жаңақорған аудандық полиция бөлімінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу