Ханзада Гарри Ауғанстанда соғыста 25 адамды өлтіргенін мойындады

658

Ауғанстандағы әскери қызметі кезінде ханзада Гарри 25 адамды өлтірді. 

Ханзада Гарри Ауғанстанда соғыста 25 адамды өлтіргенін мойындады Фото: halyq-uni.kz

Бұл туралы ол өмірбаяны баяндалатын Spare атты кітабында айтты, оның үзіндісін The Telegraph газеті келтіреді, деп жазады Inbusiness.kz.

Ханзада Гарри өмірінің сол күндерін мақтан тұтпайтынын, бірақ ұялып қайғырмайтынын жеткізді. Соғыс алаңында ол қарсыластарын “адамдар” ретінде емес, тақтадан алынған "шахмат фигуралары" ретінде қабылдаған.

"38 жастағы ханзада алғаш өзінің әскери қызметі кезінде өзі өлтірген" Талибан" қозғалысының (ҚР тыйым салынған террористік ұйым) содырлары туралы айтты және бұл оның жеке қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықты күшейтуі мүмкін",-деп атап өтті басылым.

Ханзаданың айтуынша, оның өзгенің өмірін қиғаны үшін өзін кінәлі сезінбеуінің бір себебі - Итонның теледидар бөлмесінде көрсетілген 11 қыркүйектегі Нью-Йорктегі террорлық шабуылдар туралы репортаж оның мәңгі жадында қалған, тіпті, кейінірек ол шабуыл құрбандарының отбасыларымен кездескен. Сол естеліктер аяушылық сезімді өшірген көрінеді.

Ол шабуылға жауаптылар мен оларға жанашырларды "адамзаттың жауы" деп атады және олармен күресу адамзат тарихындағы ең ауыр қылмыстардың бірі үшін кек алу әрекеті екенін мәлімдеді.

Ханзада Гарри 2008 жылы 10 апта бойы Ауғанстанның Гильменд провинциясында жасырын түрде соғысқан. Ол сондай-ақ 2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қаңтарына дейін Ауғанстандағы жауынгерлік операцияларға қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу