Ханзада Гарри мина алқабымен жүріп өтті

397

Ханзада Гарри марқұм анасы Диана ханшайымның әйгілі әрекетін қайталады.  

Ханзада Гарри мина алқабымен жүріп өтті Фото: thesun.uk

Бұл туралы The Sun басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сассекс герцогы Анголаға барып, бұрынғы соғыс аймақтарын жарылғыш құрылғылардан тазарту бойынша қайырымдылық жұмысы туралы хабардар болу үшін оқ өткізбейтін жилетпен алаңды аралады.

Ханзада Гарри 1997 жылы Африканың оңтүстігіне сапар шеккен кезде Диана ханшайым бірге жұмыс істеген Halo Trust ұйымымен Анголаға барды. Диананың жұмысы мен оның мина алаңында серуендеп жүрген суреттері сол жылы ратификацияланған минаға тыйым салу туралы келісімге қолдау көрсетуге көмектесті. 

Анголаның барлық аумағындағы миналар 1975-2002 жылдар аралығындағы 27 жылға созылған азаматтық соғыстан қалған. Halo Trust мәліметінше 2008 жылдан бері кемінде 60 мың адам минадан қаза тапты және жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу