Ханзада Уильям Украина шекарасына жақын орналасқан Польшадағы әскери базаға барды

556

Ол британиялық әскерилермен және олардың поляк әріптестерімен кездесті.

Ханзада Уильям Украина шекарасына жақын орналасқан Польшадағы әскери базаға барды Фото: BBC

Ханзада Уильям Украина шекарасына жақын орналасқан Польшадағы әскери базаға күтпеген сапармен барды, деп жазады inbusiness.kz  BBC порталына сілтеме жасап. 

Ханзада журналистерге берген сұхбатында британиялық сарбаздарға алғыс білдіргісі келетінін жеткізген.

"Мен сіздердің күнделікті ерен еңбектеріңізге жеке рахмет айту үшін келдім. Сіздер біздің бостандығымызды қорғау үшін өте маңызды қызмет атқарып жүрсіздер. Елде бәрі сіздерді қолдайды", - деді ханзада Уильям әскери қызметшілерге.

Ресурстың жазуынша, ханзада Уильямның британиялық әскери контингент орналасқан Польшаның оңтүстік-шығысындағы Жешув қаласына сапары оның әскери базадан кетіп, Варшаваға оралғанға дейін құпия сақталған.

Жешув – Украина шекарасынан бір сағаттық жерде орналасқан шаһар. Мұнда жүрген британиялық ұшқыштар өздерінің америкалық және поляк әріптестерімен бірге Польшаның әуе кеңістігін қорғауды қамтамасыз етуде.

Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бері Польша украиндық босқындардың ең көп санын қабылдады. Ел билігі мұнда Украинаның 1,3 миллионға жуық азаматы бар екенін мәлімдеген.

Британ тағының мұрагері қатысатын негізгі іс-шаралар бейсенбіге жоспарланған. Ханзада Уильям Польша астанасындағы белгісіз сарбаздың қабіріне гүл шоқтарын қойып, ел Президенті Анджей Дудамен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу