Happylon компаниясына Қорғастан 50 гектар жер бөлінді

1025

Happylon компаниясына Қорғастан 50 гектар жер бөлінді

Happylon парктер желісі өткен жылы он жылдықтарының қарсаңында Астанадағы Mega Silk Way сауда-сауық орталығында ашылған еді. Бүгінде компания қазақстандық төрт қала мен Ресей мен Украинада жұмыс істейді.

Happylon 2021 жылға қарай Алматы мен Қорғаста жаңартылған тұжырымдамамен happyland сауық орталығын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды naryk.kz.

Happylon компаниясының негізін қалаушы Рустам Агеевтың айтуынша, жоспарланып отырған жоба тек балаларға арналған саябақ емес, сонымен қатар отбасылық сауықтыру кластері. Ол бірнеше аймақтан тұрады: аттракциондар паркі, аквапарк, жабық парк, бірлескен аттракциондар, этно және ғылыми парктер, кәсіптер паркі, Лондондағы гайд парк пен Нью-Йорктегі секілді орталық табиғи парк және тіпті гольф алаңы.

Аталған нысанды салу үшін компания Қорғастан 50 га жер мен қажетті рұқсаттама құжаттарын алып қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу