Haq қозғалысы банктер мен микрокредиттік ұйымдарға үндеу жолдады

1105

Онда Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің несие төлемін уақытша тоқтатуды сұраған.  

Haq қозғалысы  банктер мен микрокредиттік ұйымдарға үндеу жолдады

Haq азаматтық қозғалысы төтенше жағдай енгізілуіне байланысты банктер мен микрокредиттік ұйымдарға үндеу жолдады. Үндеуде ТЖ кезеңінде және аяқталғаннан кейін кем дегенде 90 күн несиені қайтаруға каникул жариялап, төлем кестесін қайта қарастырып, борышкерлермен қосымша келісім жасауды сұраған.

Сондай-ақ қарызын қайтара алмауына байланысты сотта қаралып жатқандардың ісін тоқтатуды, коллекторлар мен сот орындаушыларына мәжбүрлеу шараларын, кредитке байланысты азаматтық істерді тоқтатуды ұсынған.

Сонымен қатар ТЖ-ге байланысты қаржы ұйымдарына несие бойынша сыйақы, айыппұл, өсімпұлды тоқтату, ШОБ-ты салықтан босатуды сұрап отыр.

Айта кетейік, Президент Жарлығымен 15 наурыздан бастап коронавируске байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу