Мекке шаһарында жуырда болған келеңсіз оқиғаға байланысты қасиетті екі мешіттің қамқорлық кеңесі шұғыл шараға көшеді, деп хабарлайды islam.kz.
Осыдан екі күн бұрын қасиетті Қағба жанында өз-өзін өртемек болған адам жайлы ақпарат құралдарында хабарланған болатын. Алдағы уақытта мұндай сорақылық қайталанбауы үшін бұдан былай Харам мешітінің кіреберісіне тексеру құрылғысы қойылады.
Тексеру құрылғысы арқылы мешіт аумағында тыйым салынған заттарды анықтайды. Бұл мәселе қасиетті екі мешіт кеңесінің президиумында қарастырылды. Харам мешітінің кіреберісінде күзетшілер тұрғанына қарамастан өз-өзін өртемек болған адамның жанар-жағармайды мешіт аумағына қалай алып кіргені белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу