Харассмент заңмен реттеледі: Құжат күзде Парламентте қаралады

326

Елімізде жұмыс берушілердің жауапкершілігі күшейтілмек.  

Харассмент заңмен реттеледі: Құжат күзде Парламентте қаралады Фото: Depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орнындағы харассмент пен жыныстық сипаттағы қысымға қарсы заңнамалық нормалар енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Асқарбек Ертаев Үкіметтегі брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

“Бұл түзетулер Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдары негізінде ұсынылды. Заң жобасына тиісті өзгерістер енгізілді. Біріншіден, ұғымдық аппарат қарастырылды. Екіншіден, мұндай фактілер анықталған жағдайда жұмыс берушінің жауапкершілігі белгіленеді”, – деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта түзетулер бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Құжатты биыл күзде Парламент қарауына енгізу жоспарланып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы деректеріне сәйкес, 2022 жылы әлем бойынша қызметкерлердің шамамен 23%-ы жұмыс орнында зорлық-зомбылық пен қудалауға ұшыраған. БҰҰ бұл көрсеткіш нақты жағдайды толық көрсетпеуі мүмкін екенін, себебі көптеген жәбірленушілердің болған оқиға туралы айтуға батылы жетпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу