Қытайдың солтүстігіндегі Харбин қонақүйінде алапат өрт шығып, 18 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды 24.kz.
Жалын ғимараттың 400 шаршы метрін шарпыған. Тілсіз жаумен күреске 5 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Харбин Ресейдің қиыр шығысымен шекараласатын туристер көп келетін аймақ саналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу