Харьков облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов өзінің Telegram арнасында С-300 әуе қорғанысы кешенінің зымыраны Харьковтағы тұрғын үйге соғылғанын хабарлады.
Ол алдын-ала мәліметтер бойынша, С-300 зымыраны қаланың Киев ауданындағы төрт қабатты тұрғын үйге соғылғанын жазды.
Синегубовтың айтуынша, нәтижесінде бір әйел қайтыс болып, үш адам зардап шекті, тұрғындар эвакуацияланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу