Харьковта Украинадағы алғашқы жерасты мектебі салынады

1328

Нысан барлық қорғаныс талаптарына сай болмақ. 

Харьковта Украинадағы алғашқы жерасты мектебі салынады Фото: img2.eadaily.com

Жергілікті билік Украинада алғашқы жерасты мектебін салмақ. Бұл туралы қала әкімі Игорь Терехов хабарлады.

Оқу орны "қорғаныс құрылыстарына қойылатын заманауи нормативтік талаптарға жауап береді" және "зымыран шабуылы кезінде Харьков балаларына қауіпсіз жерде оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді".

"...біз Украинада қорғаныс құрылыстарына қойылатын ең заманауи нормативтік талаптарға жауап беретін алғашқы жерасты мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Мұндай баспана мыңдаған Харьков балаларына зымыран шабуылына қарамастан қауіпсіз жерде білім алуға мүмкіндік береді",-деп жазады Терехов өзінің Telegram-арнасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу