Харьковтегі әскери зиратта жерлейтін орын тапшы

472

Киев қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың артуынан оларды жерлейтін жер таппай әлек.  

Харьковтегі әскери зиратта жерлейтін орын тапшы Фото: glavnoe.in.ua

Харьков қалалық зираттарының бірінде қалыптасқан жағдай соған дәлел. Украиналық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, "Мрiя" Telegram арнасы хабарлағандай, әскерилерді жерлейтін орын қалмаған, деп жазады Inbusiness.kz.

Жергілікті әкімшіліктің мәліметінше, аталған № 18 зиратта әскери комиссариаттарға 700 орын есептеліп бөлінген болатын.

"Қазіргі уақытта бөлінген учаскенің барлығын дерлік Харьков ТрО, УӘК-тің 92 бригадасы (Харьков облысы), жергілікті ұлттық гвардия бөлімшелері мен басқа да қарулы құрылымдар иеленді", - делінген хабарламада.

Украина президентінің кеңсесінде әскери зираттардың қарқынды өсуі алаңдаушылық тудыруда, өйткені бұл билік жасыруға тырысатын УӘК-тің орасан зор шығындарының бірден-бір дәлелі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу